Украинада автогаз арзандады

Украинадағы автогаз бағасы айтарлықтай арзандады. Жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газдың бір литрі шамамен 130 теңге, яғни 26 процентке төмендеген. Елдегі қарулы қақтығысқа қарамастан көгілдір отынның күрт арзандауына не себеп?

Маусым айында ғана Украинадағы автогаз бағасы тарихи рекордты жаңартып, қымбаттап кеткен еді. Бүгінде газ тасымалдаушы отандық трейдерлер Еуропадан көгілдір отынды жеткізу жолдарына төселіп, логистика және лицензиялық қиындықтарды еңсере бастаған. Оның үстіне үкімет жарлығы бойынша отын тасымалы Еуропа елдерінен Украинаға жасыл дәліз арқылы жылдам жеткізіледі. Сәйкесінше елде ай соңында автогаз бағасы бірден он гривень, яғни 130 теңгеге құлдырады. 

Анна, көлік жүргізушісі:

- Очень существенно подешевел, был 43 сейчас по 28, вот сегодня я только заправлялась. То есть разница существенная. Очень.

Газ бағасының айтарлықтай төмендегенін әрине бірден байқадым. Ай басында 43 еді, бүгін 28 гривень.

- Расскажи про очереди, ты стоишь в очереди?

- Сейчас такого нет, на газовой колонке абсолютно нет очередей, подъехала, заправилась и уехала. Во время пика всего происходящего конечно то приходилось стоять по часу и по полтора.

- Жанармай құю бекеттерінде бір, бір жарым сағат күтуші едік, қазір ондай кезек жоқ. 

Аннаның айтып отырғаны орынды, бір ай бұрын жанармай құю бекеттерінде ұзынсонар кезек көп еді. Қазір отын нарығында мұндай дағдарыс жоқ. Украина сұйытылған газдың сексен процентін Еуропа, оның ішінде Польша, Болгария және Румыниядан сатып алады. Мемлекет заңды түрде тоғызыншы сәуірден бастап Ресей газынан бас тартты. Отын нарығының мамандары баға әлі де төмендейді деп болжайды.

Дмитрий Глумов, газ және мұнай нарығының сарапшысы:

- Біздің болжам бойынша пропан-бутанның Украинадағы бағасы әрі қарай тұрақтала түседі, жанармай бекеттеріндегі газ бағасының бір литрі алдағы уақытта таға да екі гривеньге арзандауы мүмкін. Қалай болғанда да Еуропадан тасымал жолға қойылды.

Сұйытылған отын құны айтарлықтай төмендегенімен елдегі бензин бағасы әлі де жоғары, деп шағымданады жүргізушілер. Бүгінде А-95 маркалы жанармайдың бір литрі 52 гривень, яғни 672 теңге, елде отын тапшылығы жоқ. Сондықтан күзге дейін бензин бағасының қолдан көтерілген құны да төмендеуі кәдік. Дегенмен, елде қарулы қақтығыс, сондықтан нарық әлі де мың құбылуы мүмкін.

Аида Қыдырбай