Кентукки штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Кентукки штатында су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

АҚШ-та нөсер жауын салдарынан Кентукки штатындағы тасқын құрбандарының саны 35 адамға жетті.

Қайтыс болғандар арасында 4 бала бар. Бұл туралы аймақ басшысы мәлімдеді. Ол табиғат апатының зардабы әлі сейілмегенін ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды. Іздеу-құтқару жұмысына сарбаздар да тартылды. Олар баспанасыз қалған мыңдаған адамды уақытша тұрақтау орындарына орналастырып, азық-түлік жеткізіп жатыр.