Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығу басталды

Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығу басталды

Оңтүстік-Шығыс Қытай теңізінде Қытай әскерінің жаттығуы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фуцзянь провинциясының әскери басшылығы жаттығудың фотосуреттері мен бейнежазбаларын жариялады. Бұл Тайвань аралына жақын орналасқан аймақ.

Ресми ақпарат бойынша, жаттығудың басты мақсаты – күрделі жағдайда жалпы жауынгерлік әлеуетті пысықтау болып отыр. Фуцзянь провинциясының бірнеше қаласында әуерейстер кейінге қалды. Ақпарат құралдары бұл жаттығуды АҚШ Конгрессі Өкілдері Палатасының спикері Нэнси Пелосидің Азия елдеріне сапарымен байланыстырып отыр. Осы сапары барысында ол Тайваньға да баруы мүмкін. Қытай басшылығы Тайвань аралын өз елінің ажырамас бөлігі ретінде санайды. Еске салып кетсек, 1949-жылы Қытайда азамат соғысында Мао Цзэдун бастаған коммунисттер жеңіске жеткеннен кейін, Гоминдань үкіметі Тайвань аралына қашып кеткен болатын. Тіпті 1971 жылға дейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қытай мемлекетінің орнын Тайвань өкілі иеленген еді.