Ресейде 17 жастағы қыз әткеншектен ұшып кетіп, қайтыс болды

Ресейде 17 жастағы қыз әткеншектен ұшып кетіп, қайтыс болды

Ресейдің Орел қаласында саябақта орнатылған «Орбита» әткеншегінен 17 жастағы қыз бала құлап көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті «Вечерний Орел» сайтынан мәлім болды. Басылым мәліметінше, қыз бала қозғалыс кезінде орындықтан ұшып кеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер қыз баланы ауруханаға жеткізген, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.