Қытайда Қазақ елінің туристік әлеуеті таныстырылды

Қытайда Қазақ елінің туристік әлеуеті таныстырылды

Қытайда мәдени туризм индустриясының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Халықаралық іс-шара Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданында ұйымдастырылды. Оған әлем елдерінен мыңнан астам компания қатысты. Мақсат – туристік ынтымақтастықты арттырып, өзара байланыс орнату. Осы жиында Қазақстан отандық туристік әлеуетін таныстырып, қызмет түрлерін көрсетті.

Айта кету керек, биыл Қазақстан Қытайдағы туризм жылы аясында елімізге 400 мыңға жуық турист тартуды көздеп отыр. Бұл бағытта қазақ-қытай кәсіпкерлері мен инвесторлары 14 құжатқа қол қойып, келісімге келген. Көрме кезінде мамандар тәжірибе алмасып, тартымды саяхат ұйымдастырудың тың тәсілдерімен бөлісті. Енді бұл салада жасанды интеллектіні қолдану жоспарда.

Чанг Юань, маркетолог:

- Туризм индустриясында цифрлық технология маңызды рөл атқарады. Жасанды интеллект көмегімен мәдени жәдігерлер мен тарихи мұраларды бір мезетте таныстырып, қамту аудиториясын арттыруға болады. Халықаралық жәрмеңкеде виртуалды туризм жобалары да көрсетілді. Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерін ерекше қызықтырып отыр.