Италияда өрттің кесірінен диқандар өнім ала алмай қалды

Италияның солтүстігіндегі Савона провинциясында да алапат өрт болып, оның зияны егістік алқаптарға тиіп жатыр. Отты өшіруге арнайы ұшақтар тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

120 тұрғын қоныс аударуға мәжбүр. Аптап ыстық пен өрт ауыл шаруашылық алқаптарына үлкен қауіп төндіруде. Бар өнімінен айырылған көптеген диқандардың кәсібі құрдымға кетті.