Еуроодақта газды тұтынуды азайту жоспары күшіне енді

Еуроодақта газды тұтынуды азайту жоспары күшіне енді

Еуроодақта бүгін газды тұтыну мөлшерін 15 процентке азайту жоспары күшіне енді.

Осылайша ресейлік көгілдір отынға тәуелділікті төмендету көзделіп отыр. Өйткені биыл "Газпром" Еуропа елдеріне тасымалданатын шикізат көлемін айтарлықтай қысқартқан. Еуроодақтың шешімін оған мүше 27 мемлекеттің 25-і қолдаған. Польша мен Венгрия ғана қарсы дауыс берді. Алдын ала есептеулер бойынша бұл жоспардың арқасында бірлестік газдың 45 миллиард текше метрін үнемдеуі тиіс. Әзірге бұл ерікті түрде жүргізілетін шара. Алайда нәтиже бермесе, Одақ елдері көгілдір отынды тұтыну мөлшерін азайтуға міндеттелуі мүмкін.