Қырымда бірнеше рет жарылыс болды

Қырымда бірнеше жарылыс болды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жарылыстың бәрі әскери аэродром маңында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбадан Қара теңіз жағалауынан қою қара түтіннің көкке көтерілгенін көруге болады. Әзірге оқыс оқиғадан зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Жарылыстың себебі де белгісіз.