Шри-Ланка астанасында жүздеген белсенді үкіметке қарсы бас көтерді

Шри-Ланка астанасында жүздеген белсенді үкіметке қарсы бас көтерді

Елде дағдарысқа қарсы ереуілдердің басталғанына біраз болды. Бұл жолы ереуілшілер осыған дейінгі шерулерде қамалғандарды босатуды және жаңа сайлау өткізуді талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылыққа инфляция мен қымбатшылық әсер еткен. Пандемия келгелі бюджеттің басты кіріс көзі - туризм саласы тұралап қалды. Билік тұрғындарды ең қажет нәрсе - жанармаймен қамтамасыз ете алмай отыр. Ал мемлекеттің сыртқы қарызы 51 миллиард долларға жетіп, күннен күнге өсіп барады.