Тайвань әскери жаттығулар өткізді

Тайвань әскери жаттығулар өткізді

Тайвань Қарулы күштері әуе күштерінің жауынгерлік дайындық жаттығулары өтті. Бұл аралға жақын орналасқан Қытай Халық-азаттық армиясының жиілеп кеткен әскери жаттығуларына қарымта жауап, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери дайындық  аралдың  шығысындағы Хуалян әскери-әуе базасында өтті. Жергілікті БАҚ-қа Harpoon зымырандарымен жабдықталған қуатты қарулардың бірі көрсетілді.

Естеріңізде болса, Тайвань мәселесі АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға жасаған сапарынан кейін шиеленісе түсті. Аралды өзінің провинциясы деп есептейтін Қытай ауқымды әскери жаттығуларын өткізді.

Джоан Оу, Тайвань сыртқы істер министрлігінің өкілі:

– Осы аптаның басында Қытай АҚШ Конгресі делегациясының сапарына байланысты қайтадан теңізде және Тайвань аралының айналасындағы әуе кеңістікте әскери жаттығулар өткізе бастады. Біз өз кезегінде Конгресс мүшелерін қабылдау демократиялық елдер арасындағы қалыпты қарым-қатынас болып табылатынын мәлімдейміз.