Гаитиде халық премьердің биліктен кетуін талап етті

Гаитиде халық премьердің биліктен кетуін талап етті

Гаитиде жүздеген тұрғын ел астанасы Порт-о-Пренс көшелеріне шығып, премьер-министр Ариэль Анридің биліктен кетуін талап етті.

Ашынған топ полициямен қақтығысқан. Белсенділер инфляция мен қылмыстың өршіп бара жатқанына наразылық білдірді. Әсіресе жанармай мен дизель отынының қымбаттауы жұртты тығырыққа тіреді. Бұған дейін де халық бас көтеріп, дөңгелектерді өртеп, үлкен көшелерді жабуға тырысқан еді. Полиция шерушілерге қарсы көзді жасаурататын газ қолданды.