Нидерландыда осындай жел электр станциясы ашылды

Нидерландыда осындай жел электр станциясы ашылды

Бір қызығы, ол жел көмегімен электр қуатын өндіретін елдегі ең ірі нысан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қуаттылығы 320 мегават. Соның арқасында 300 мың үйді электр қуатымен қамтуға мүмкіндік бар. Нидерланд жасыл энергияны дамыту жағынан Еуропаның көптеген елінен артта қалды. 2021 жылғы дерек бойынша, бұл елде өндірілетін энергияның тек 12 пайызы ғана баламалы қуат көздерінің үлесінде. Десе де, соңғы уақытта билік өкілдері бұл бағытта бірқатар шара қабылдап, жел, күн станцияларын салуға көшті.