Италия газ үнемдеуге көшті

Италия газ үнемдеуге көшті

Италияда жылу маусымы 15 күнге қысқаратын болды. Бұл газды тұтыну мөлшерін азайту үшін қабылданған шешім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы жылу маусымы 8 күнге кеш басталып, 7 күнге ерте аяқталады. Бірақ оның басталуы әр өңірде әр түрлі уақытқа белгіленген. Мәселен, жаңартылған кесте бойынша Римде жылу 8 қарашада беріледі. Жаңа талап бойынша үйдегі температура 19 градустан жоғары болмау керек. Бұл электр энергиясын, тиісінше газды үнемдеу үшін жасалып отыр. Осындай шаралардың арқасында билік 2 жарым миллиард текше метр көгілдір отын үнемдеуге ниетті. Қазір Еуропада энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Оған Украинадағы шиеленіс себеп. Соның салдарынан Кәрі Құрлықта қыс маусымында газ тапшылығы туындауы мүмкін деген қауіп бар.