Берлин Киевке көмегін жалғастырады

Германия Украинаға жан-жақты қолдау көрсетіп, қару-жарақ жеткізуді жалғастырады. Бұл туралы осы елдің канцлері Олаф Шольц мәлімдеді.

«Ресей президенті Владимир Путин және оның жақтастары демократия мен еркіндікке қарсы шықты, бірақ оның бұл әрекетінен ешнәрсе шықпайды», – деді Шольц.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Біз Украинаға қанша көмек керек болса, сонша қолдау білдіруге дайынбыз. Бұл Ресейдің агрессиясына тосқауыл қою үшін қажет. Осы уақытқа дейін президент В. Путин мен оның жақтастары бұл соғыс Украина үшін ғана жүріп жатпағанын нақты айтып келді. Олар Украинаға қарсы әрекетті В. Путин ұжымдық Батыс деп атаған либералдық демократия мен халықаралық тәртіпке және еркіндікке қарсы крест жорығы деп қарастырады.