Еуропа кеңесінің Парламенттк ассамблеясы Ресейді айыптайтын қарар қабылдады

Құжатты 99 депутат қолдап дауыс берді. Бір адам қалыс қалды.

Қарарда сондай-ақ Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуы заңсыз деп айтылды. Украинадағы әскери қимылдар мен адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты халықаралық трибунал құруға шақырды. Мәскеу қарарға қатысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кеткен жөн, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының қарарының заңдық күші жоқ тек кеңес ретінде ұсынылады.