АҚШ Украинаға 725 млн доллар әскери көмек бөлді

АҚШ Украинаға 725 млн доллар көлемінде әскери көмек беруге шешім қабылдады. 

Америка басшысы Джо Байден мемлекеттік департаментке осындай тапсырма берді. Бұған дейін АҚШ 625 миллион доллар бөлу туралы хабарлаған еді. Жалпы АҚШ үкіметі желтоқсанның 16-сына дейін әскери көмекке 12 млдр доллар бөлуді жоспарлап отыр.  Оның ішінде Еуропа мен Украинаға бөлінетін қаражат қарастырылған.