Қытайда 2,11 млн көлік экспортталды

Қытайда биыл 2 миллионнан аса көлік экспортталды. Осылайша автоөндіріс бәсекесінде Германияны басып озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы көрсеткіштермен салыстырсақ, 55 процентке артық. Қытайдан ең көп темір тұлпар сатып алған мемлекеттердің үштігіне АҚШ, Мексика мен Жапония кіреді. Алғашқы ондықта Ресей де бар. Электромобильдер секілді баламалы энергия көздерімен жүретін көліктердің экспорты да биыл жақсы нәтиже көрсетіп отыр.