Францияда халық жалақының индекстелуін заңмен бекітуді талап етті

Францияда ірі кәсіподақтар жариялаған жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр.

Түрлі салалардың қызметкерлері жұмыс орындарын тастап, наразылық шеруіне шықты. Ереуілшілердің негізгі екі талабы бар. Біріншіден жалақының ең аз мөлшерін 1700 еуродан 2 мың еуроға көтеру. Екіншіден жалақының индекстеуін заңмен белгілеу. Жылдың аяғына дейін Францияда инфляция 10 процентке жетуі мүмкін. Қызметкерлердің ереуілі бүгінгі күнмен аяқталмайды. Теміржолшылар наразылық шарасын айдың соңына дейін жалғастыруға ниетті. Ал бүкіл елде бензин тапшылығына әкелген мұнайшылардың ереулі үшінші апта бойы өтіп жатыр. Әзірге кәсіподақтардың компания басшыларымен келіссөздері нәтиже берген жоқ. 

Филипп Мартинез Еңбек конфедерациясының бас хатшысы:

- Үкімет талаптарымызға құлақ аспайды. Билік алдында жалақы мәселесін бірнеше жыл бойы көтеріп келеміз. Шілде айында тұтынушылық қабілет жөнінде заң шығарып, жауап бергендей болды. Бірақ онда еңбекақы туралы бірде бір сөз жоқ. Ал бүгінгі бас көтеруімізге таңқалып, қарап отыр.