Запорожье АЭС жұмысы қалпына келтірілді

Бұл – МАГАТЭ-нің берген деректері. Соңғы аптада ­оның жұмысы үш рет тоқтаған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым өкілдерінің айтуынша, әзірге электр энергиясымен қамтамасыз ету толыққанды жүріп жатқан жоқ. Естеріңізге салайық, МАГАТЭ миссиясы қыркүйекте Запорожьедегі атом электр станциясына сапармен барған. Мамандар АЭС-тің атқыланғанын ресми түрде растады. Ұйым өкілдері енді Ресей және Украинамен нысан айналасында қауіпсіз аймақ құру туралы келіссөздер жүргізуді бастап кетті.