Италиядағы дүкенде біреу жұртты пышақтады

Италияның Милан қаласындағы супермаркеттің бірінде ер адам келушілерге пышақпен шабуылдап, 1 адам көз жұмды.

Тағы үш кісі жарақат алды. Олардың ішінде "Арсенал" ойыншысы Пабло Мари бар.  Футбол клубы спортшысының шабуылдан қатты жапа шеккенін айтады. Полиция күдіктіні ұстады. Ол 46 жастағы осы елдің азаматы болып шықты. Бірақ оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.