Австралияда су тасқынының салдарын жою жұмыстары басталды

Австралияда су тасқынының салдарын жою жұмыстары басталды

Австралияда су тасқынынан жапа шеккен солтүстік-батыс штаттарда қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Жергілікті билік табиғат апатынан келген шығын көлемін жарты миллиард долларға бағалады. Жөндеу жұмыстарына да осыншама қаржы жұмсау көзделген. Австарлия жыл басынан бері осымен үшінші рет қатты су тасқынынан зардап шегіп отыр. Мамандар биыл жауын-шашын әдеттегіден тыс көп болғанын айтады.

Энтони Альбаниз, Австралия премьер-министрі:

- Біздің еліміз климат өзгеруінің салдарын қатты сезініп жатыр. Табиғат апаттары барған сайын жиілеп келеді. Біз оларға қарсы шараларды дер кезінде қабылдап, жапа шеккендерге жан-жақты көмектесуіміз қажет.