Ливияда қоршаған ортаны қорғау көрмесі ашылды

Ливияда қоршаған ортаны қорғау көрмесі ашылды

Триполиде қоршаған ортаны қорғауды насихаттайтын көрме ашылды. Қайта өңделген заттардан жасалған көшпелі іс-шара экология мәселесін көтеру үшін ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

150 шаршы метр аумақта Италияда қайта өңделген, экологиялық таза өнімдер халық назарына ұсынылды. Шараға қатысқан дизайнерлердің айтуынша, Ливияға дейін көшпелі көрме АҚШ, Канада, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінде өткен. Негізгі мақсат – қоршаған ортаны қорғау маңызына мән беріп, қалдықтардан да тәуір заттар шығаруға болатынын көрсету. Ұйымдастырушылардың пайымынша, осындай көрмелерге келген жастар қоқыстан құтылу үшін қайта өңдеудің жаңа жобаларын ойлап табуы әбден мүмкін