G7 мен Австралия Ресей мұнайына шекті баға енгізуге келісті

G7 мен Австралия Ресей мұнайына шекті баға енгізуге келісті

Бірақ тараптар оның құны қандай болатыны туралы әлі шешім қабылдамаған. Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігінда жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, Ресей мұнайының бағасына шектеу енгізу туралы идея, алғаш рет биыл маусым айында «Үлкен жетілік» саммитінде көтерілген болатын. Бірақ Ресей президенті Владимир Путин қара алтынды «Үлкен жетілік» елдерінің белгілеген бағасы бойынша сатпайтынын айтқан еді. Ал АҚШ Қаржы министрлігі бұған дейін оның 1 баррелі 60 доллар төңірегінде белгіленуі мүмкін деп мәлімдеген.