Германия канцлері Қытайға барды

Германия канцлері Бейжіңге барды.

Олаф Шольц Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесіп тараптар экономика, ғаламдық азық-түлік дағдырысы мен климат өзгерісі мәселелерін талқылады. Неміс канцлерінің ресми сапары 1 күнге ғана созылады. Айта кетейік, Шольц - үлкен жетілік тобына мүше мемлекеттер арасынан пандемия басталғалы соңғы 3 жылда Бейжіңге барған алғашқы басшы.