Д.Трамп сайлауға түсуі мүмкін – АҚШ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауға түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

76 жастағы саясаткер бұл ниетін Айовадағы жиын кезінде айтты.

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

– Елімізді табысты, қауіпсіз және даңқты жолға бастау үшін сайлауға түсуім мүмкін. Әбден мүмкін. Бірақ біз, республикашылдар 2024 жылды айтпас бұрын, 8 қарашада тарихи жеңіске жетуіміз керек. Сіздерде қазір дәл осы Айовада Сенаттың ең күшті, ең қатал, ең батыл мүшесінің бірін сайлауға мүмкіндік бар. Ол бірден-бір лайықты үміткер Чак Грасли. Сөйтіп біз Сенатқа ораламыз және АҚШ-тағы билікті қолға аламыз.

 

Сондай-ақ...