Калифорния штатындағы Chevron мұнай өндіру зауытында өрт шықты

Калифорния штатындағы Chevron мұнай өндіру зауытында өрт шықты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Эль-Сегундо қаласында орналасқан Chevron мұнай өндіру зауытында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Компания өкілдері қандайда бір түсініктеме беруден бас тартты. 

Айта кетейік, зауыттың қуаттылығы күніне 269 мың баррельді құрайды. Компания оңтүстік Калифорнияны автокөлік жанармайының 20% және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның 40% қамтамасыз етеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу ісі жалғасуда. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.