АҚШ азаматы 2 млрд долларды тегін олжалады

АҚШ азаматы 2 млрд долларды тегін олжалады

Осы ұтыс сомасы Powerball тарихындағы ең ірі джекпот ретінде тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асығы алшысынан түскен америкалықтың аты-жөні әзірге құпия. Ақжолтай билет Лос-Анджелес округінде сатылыпты. Жалпы соңғы 3 айда 40 ұтыс ойыны өткізілген. Алайда содан бері цифрлар дәл табылмай, жүлде қоры қазіргі рекордты санына жетті. Жеңімпаз ұтыстың 1 млрд долларға жуығын бірден немесе 29 жыл бойы бөліп алуына болады. Бұған дейінгі ең ірі сома 1,5 млрд долларды 2016 жылы үш адам өзара бөлісіп алған.