Әлемнің бірқатар елінде Омикронның жаңа штамы тарала бастады

«Цербер» деп аталатын вирус бүгінде Бразилияда, АҚШ пен Еуропа елдерінде анықталды.

Көршілес Ресейде де тіркелді. Мамандардың айтуынша, ол бұған дейінгі штаммдарға қарағанда әлдеқайда жұқпалы келеді. Сондықтан мейлінше сақтық шараларын сақтаған абзал. Десе де бұл вирус адам өміріне аса қауіпті емес екен. Өйткені ауру белгілері жеңіл өтетін көрінеді. Инфекцияны жұқтырған адамда дене қызуы мен әлсіздік пайда болады, дейді вирусологтар. Омикронның мутацияға ұшыраған жаңа түрі кәрі құрлық елдерінде қыркүйекте анықталды. Ол Омикроннан 20-30% тез таралады. Бүгінде жаңа штамм әлемнің 30-дан астам мемлекетінде тіркелген. Алайда ешбір елде шектеу шаралары күшейтіліп жатқан жоқ.