Польша аумағына құлап түскен зымыранды Украина күштері ұшырған болуы мүмкін

Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасап, "Ассошиэйтед пресс" агенттігі хабарлады. Ақпарға қарағанда Украина әскері зымыранды ресейлік бомбаны атып түсіру үшін ұшырған.

Еске сала кетейік, кеше Польшаның Украинамен шекарасына жақын жерге зымыран құлады. Бірақ оның қайдан ұшырылғаны әлі нақты белгісіз.