Twitter қызметкерлері жаппай жұмыстан кетті

Twitter компаниясы Илон Масктің мәлімдемесінен кейін жүздеген қызметкерінен айырылды.

Миллиардер таяуда жұмысшыларына "Артығымен жұмыс істеңдер, ұнамаса кетіңдер” деп кесіп айтқан еді. Қызметкерлер енді жәремақы алуға үміттеніп отыр. Айта кетейік, Илон Маск Twitter-ді қазан айының соңында сатып алған. Содан кейін әлеуметтік желінің саясатын өзгертіп, бұғатталған аккаунтарды ашуға тапсырма берді. Ол компанияны дамыту үшін түрлі әдістерді қолданатынын ескертті.