Кореяда жүк көлік жүргізушілері ереуілге шықты

Оңтүстік Кореяда жүк көлік жүргізушілері жаппай ереуілге шықты.

Наразы жұрт ел астанасы Сеулде жиналған. Оның салдарынан жолдарда көлік қозғалысы тежеліп, қоғамдық автобустар уақытша жұмысын тоқтатты. Мұндай ереуіл елде соңғы жарты жылда екініші рет қайталанып отыр. Тұрғындар "жанармай құнының шарықтап кетуі жүк тасымалына кедергі келтіріп, адамдар  күнделікті табысынан айырылуда" дейді. Жүргізушілер үкіметтен бағаны тұрақтандырып, жүк тасымалдаушыларына жеңілдіктер жасауын талап етуде.