Ливия астанасы Триполиді су басты

Ливия астанасы Триполиді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласқан. Су жолдарды шайып, мектептер жабылды. Ұлттық метеорология орталығы елдің солтүстігінде де жаңбыр жауып, найзағай түсетінін ескертті. Сондықтан билік тұрғындарды сыртқа шықпауға үндеп отыр. Өткен айда Ливияның шығысында тасқын су жүріп, 150 отбасы зардап шеккен болатын.