Францияда ӘЧ финалдық матчі кезінде қауіпсіздік күшейтіледі

Францияда футболдан әлем чемпионатының финалдық матчы кезінде күзет күшейтіледі.

14 мың полиция елдегі тәртіпті қамтамасыз етеді. Бұған дейін жүздеген адам қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерімен қақтығыстар болған.  Енді, Париж полициясы күні-түні қала көшелерін күзетпек. Ал Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы матч 18 желтоқсанда өтеді.