Сеулде шамдар фестивалі басталды

Сеулде шамдар фестивалі басталды

Сеул жұртшылығы Рождество мен Жаңа жылды тойлауға дайын.

Корея астанасының Кванхвамун бас алаңында шамдар фестивалі басталды. Фестиваль аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 50-ге жуық қолөнершінің бұйымдары қойылған. Бұл жерге келушілер мерекенің басты нышаны саналатын 12 метрлік шыршаның жанында суретке түсе алады. Суреттер Кванхвамун алаңының маңындағы ғимараттардың қабырғаларында проекцияланады. Сеул шамдары фестивалі 31 желтоқсанға дейін жалғасады.