Түркия: Швеция уәдесінде тұрмады

Стокгольм НАТО құрамына кіру үшін Анкараның алдында өз уәдесін орындаған жоқ.

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу осылай деп мәлім етті. Атап айтқанда Анкарада терроризммен айыпталған қылмыскерлерді экстрадициялау және  олардың шоттарының бұғаттау мәселесі шешілмеді дейді саясаткер. Ал Швецияның сыртқы істер министрі уағдаластықтың барлығы орындалады деп қысқа қайырды. Бұған дейін Стокгольм лаңкестік әрекетке қатысы бар деп танылған азаматтар Түркияға қайтарылады деп серт берген еді.