Малайзиядағы лай көшкіні құрбандарының саны 31-ге жетті

Малайзиядағы лай көшкіні құрбандарының саны 31-ге жетті

Малайзиядағы лай көшкіні құрбандарының саны 31-ге жетті.

Айта кетейін, Селангор штатында табиғи апат осыдан 10 күн бұрын болған еді. Содан бері жергілікті билік өкілдері іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп келді. Оған 250-ден астам маман тартылды. Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен 92 адамның 61-і құтқарылды. 31 адам көз жұмды. Оның 18-і ересек, қалғаны бала.