Испанияда жолаушылар автобусының апатынан 6 адам қаза тапты

Испанияның солтүстік-батысында жолаушылар автобусы көпірден құлап, 6 адам қаза тапты.

Жүргізуші мен тағы бір жолаушы құтқарылды. Оқиға Лерез өзенінің үстінде болды. Автобус Луго шаһарындағы түрмеден шығып, Виго қаласына қарай бет алып бара жатқан. Бірақ көпір үстінде жолдан шығып кетіп өзенге құлап кетті. Апаттың себептері әлі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.