АҚШ-та қарлы бораннан қаза тапқандар саны артты

АҚШ-та қарлы боран жалғасуда.

Соңғы мәліметке қарағанда сақылдаған сары аяз бен ақ түтектен опат болғандар саны 30-дан асқан. Жапалақтап жауған қар мен ұйытқыған желден әуе рейсітері кейінге шегерілп, тас жолдарда апаттар жиілеген. Flight-Aware сайтының ақпарына қарағанда қазірге дейін бүкіл ел аумағында 8 мыңнан аса ұшақ сапарға шыға алмай тұр. Кей қалалардағы әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр.

Кэти Хоукул, Нью-Йорк штатының губернаторы:

- Ауа райының қолайсыздығынан опат болған адамдардың санып артып келеді. Тек Нью-Йорк штатында боран мен аяздан 12 тұрғын көз жұмды. Қазір жедел әрекет ету топтарын көбейтіп жатырмыз.