Камбоджада казинодағы өрттен қаза тапқандар саны артты

Камбоджада казинодағы өрттен қаза тапқандар саны артты

Камбоджада казинода шыққан өрттен құрбан болғандар саны 19-ға жетті.

Ал жарақат алғандар саны 60-тан асты. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, көз жұмғандар саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Әзірге өртке не себеп болғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.