Оңтүстік Кореяда тауарлдарының бағасы шарықтап кетті

Оңтүстік Кореяда тауарлдарының бағасы шарықтап кетті

Оңтүстік Кореяда тұтыну тауарлдарының бағасы шарықтап кетті. Бұл туралы Ұлттық статистика басқармасы хабарлады.

2021 жылмен салыстырғанда тауарлар мен қызметтердің құны 5% өсті. Өнеркәсіп тауарлары, қызметтер, ауыл шаруашылығы және теңіз өнімдері қымбаттады. Электр қуаты, газ және су бағасы – 23% өсті. 2023 жылдың қаңтарынан бастап электр энергиясының тарифтері 9,5%-ке жетеді. Сәуір айынан бастап Сеул қоғамдық көліктерінің жолақысы 25 центке қымбаттайды.

О Ун Сон, Корея ұлттық статистика басқармасының өкілі:

- Биыл астық пен мұнай қымбаттады. Бағалардың өсуіне әсер еткен басты фактор осы. Соның салдарынан электр энергиясы мен газ құн да өсті.