Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы рекордтық $5,8 млрд жетті

Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы рекордтық 5 млрд 800 млн АҚШ долларына жетті.

Бұл туралы біздің телеарнаға берген сұхбатында Кореяның сауда және инвестицияны ынталандыру агенттігі өкілі хабарлады. Ағымдағы жылдың 11 айында сауда көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94%-ке өсті. Кореяның елімізге экспортының 65% автокөліктер құрайды. Екінші орында телефон саудасы. Қазақстанға 63 млн АҚШ долларына байланыс құралдары жеткізілді. Сондай-ақ, автокөлік бөлшектері және косметика сатылды. Қазақстан Кореяға мұнай, уран өнімдерін тасымалдайды.

Юн Джон Хёк, Корея сауда және инвестицияны ынталандыру агенттігінің филиал директоры:

- Биыл Украинадағы әскери операцияның басталуымен Кореядан Ресейге тікелей экспорт шектелді.