Хорватия Еуроодақ елдерінің визасыз аймағына енді

Хорватия Еуропалық Одақ елдерінің визасыз аймағына енді.

Аймаққа Болгария мен Румыния да қосылуға үміткер болғанын еске саламыз. Алайда олардың өтініштері қабылданбады. Өйткені Австрия, Болгария мен Румынияның кіруіне қарсылық танытты. Вена тарапы аталған екі елден заңсыз мигранттардың ағылатынын алға тартты. Айта кеткен жөн, Еуроодақ құрамындағы Болгария, Румыния, Кипр мен Ирландия визасыз аймаққа кірмеген.