Францияда Салтанат қақпасы мен Елисей алаңдарында мерекелік шаралар өтті
Францияда кейінгі 2 жылда алғаш рет Салтанат қақпасы мен Елисей алаңдарында дәстүрлі отшашу атылып, жаппай мерекелік шаралар өтті.
Парижде ауа-райы +16 градусты көрсетіп, халықтың көңіл күйі де көтеріңкі болды. Бұл Әулие Сильвестрдің ең жылы түні, Францияда дәстүр бойынша Жаңа жыл түні осылай аталады. Отбасылық мереке - Рождество болғандықтан, Жаңа жыл түнін француздар, әдетте, достарының ортасында қарсы алады. Өткен 2022 жыл экономикалық тұрғыдан халық үшін қиын жыл болды. Алайда, «Махаббат қаласының» тұрғындары мен қонақтары, ақшаның азайғанына емес көңілдің тоғайғанына мәз.