Еуропада газ арзандады

Еуропада табиғи газ арзандады. Өйткені Кәрі Құрлықта қазір күн жылы боп тұр.

Тиісінше халық көгілдір отынды аз пайдалана бастаған. Сөйтіп газ бағасы 70 еуроға дейін төмендеген. Бұл былтыр ақпаннан бері болмаған жағдай.

Айта кетке жөн, Украинадағы шиеленіске байланысты әлемде энергия көздері күрт қымбаттап кеткен еді. Бұдан әсіресе Еуропа елдері қатты зардап шегіп отыр. Мәселен, Германия ресейлік шикізатқа тәуелділікті азайту үшін сұйытылған табиғи газ терминалдардын салып жатыр. Жақында ғана солардың алғашқысы іске қосылды.