Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы дәріден уланды

Өзбекстанда тағы бір бала тұмауға қарсы үнді препаратынан уланды.

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, үш жасар бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұған дейін дәл осы дәріден 19 баланың көз жұмғанын хабарлаған едік. Осыған байланысты қазіргі уақытта аталған препараттың таблеткалары мен сироптары Өзбекстанның барлық дәріханаларында сатылымнан шығарылды. Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің директоры қызметінен кетті. Ал Үндістан билігі "Док-1 Макс" препаратын шығаратын компанияға қарсы іс қозғады. Қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.