Боливияда ереуілдер тыйылар емес
Санта-Круста халық жолдарды жауып, азық-түлік және астық тасымалына бөгет жасап жатыр.
Дүйім жұрт жергілікті губернатор Луис Камачоның қамауға алынғанына қарсы. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, оппозиция жақтастары ұйымдастырған ереуіл 6 күнге созылып, полициямен қақтығысқа ұласқан. Ашуға ерік бергендер көліктерді өртеп жатыр. Осылайша ереуілшілер үкіметке қарсылықтарын жеткізіп, диктатураны тоқтататын кез келді деп отыр.