Токиодан өзге жерге көшкендерге ақша төленетін болды
Жапонияда Токиодан өзге аймақтарға қоныс аударған азаматтарға 1 миллион иен төленетін болды.
Бұл теңгеге шаққанда 3,5 миллион болады. Шара алып шаһардағы халықтың тығыз орналасу мәселесін шешу үшін қолға алынған. Азаматтар қомақты қаржыны алу үшін кем дегенде 5 жыл тұруы тиіс. Егер ерте көшіп кетсе, оны кері қайтаруы керек. Үкімет бастама алдағы 4 жылда Токиодан ауылды жерлерге 10 мың тұрғынның қоныс аударуына әкеп соқтырады деп үміттенеді. Қазір Жапония астанасында 14 миллион адам тұрады. Ал елдің қалған өңірлерінде жастар азайып, халықтың қартайып бара жатқаны байқалады.