loader


АҚШ-та дүлей дауыл соғуда

Табиғаттың тосын мінезі соңғы күндері тек біздің елді ғана емес, өзге мемлекеттерді де әуреге салып жатыр.

АҚШ-та дүйім жұртты дүлей дауыл қыспаққа алса, Сауд Арабиясында сел жүрді.

Калифорния жұрты дауылға дайындалып жатыр. Жақын күндері аймақта жел күшейіп, тасқын болады деген болжам бар. Осыған байланысты тұрғындар қазір құм салынған қапшықтармен бөгет жасауда. Түнеугүні ғана штаттың солтүстігінде алапат сел жүрген еді. Содан бір адам көз жұмды. Жүздеген адам шұғыл түрде эвакуацияланды.

Лондон Николь Брид, Сан-Франциско мэрі:

- Бүкіл Сан-Франциско бойынша 8500-ден астам құм салынған қапшық таратылды. Бірақ қызу дайындық жұмыстарына қарамастан, біз күтпеген жағдайдың орын алуы әбден мүмкін. Қазір зақымданған дамбаны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілетін болды.

Табиғаттың тосын мінезі Австралияда да дүрбелең тудырды. Кимберли өңіріндегі бірнеше елді мекен су астында қалды. Тасқын зардабын жою мақсатында аталған аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қазір құтқарушылар тұрғындарды жаппай қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Өйткені ауа райының қолайсыздығы әлі бірнеше күн сақталатын секілді. Синоптиктердің сөзінше, демалыс күндері тағы да толассыз жаңбыр жауады.

Айлар бойы көктен бір тамшы түспейтін Сауд Арабиясында жыл басында жауған жаңбырдан сел жүрді. Салдарынан Джидда көшелері көлге айналды. Көліктердің су бетінде қалқып жүргенін көруге болады. Ал тұрғындар тізеден су кешуге мәжбүр. Қаладағы ахуалға байланысты жергілікті мектептер мен университеттер жұмысын тоқтатты. Ондаған рейс кейінге шегерілді.

Сондай-ақ...