Қытай ковид жайлы шынайы ақпарат бермей отыр – ДДСҰ
Қытай коронавирустың таралуына қатысты шынайы ақпарат беріп отырған жоқ.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хақыралық сарапшылар осындай күдік келтірді. Бұл туралы кезекті баспасөз мәслихатында хабарлады. Олардың пікірінше, Бейжің өткен желтоқсан айында шектеу шараларын жеңілдеткен соң елде науқастар санын төмендетіп көрсетіп келеді. Әсіресе дерттен көз жұмғандарға қатысты статистиканы азайтып беріп отыр дейді.
Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:
- Біз Қытайдан ауруханаға жатқызылған науқастар мен індеттен көз жұмғандар саны туралы нақты мәлімет сұрап отырмыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол жақта дерттің таралуынан төнген қауіпке алаңдайды. Осыған байланысты екпе мен бустерлі дозаның маңыздылығын тағы айтқымыз келеді. Вакцина дерттің ауыр өтуінің алдын алып, өлімнен сақтайды.