Иранда қамауда отырған актриса босатылды
Иранда шерушілерді қолдады деген айыппен қамауға алынған актриса Таране Алидусти бостандыққа шықты.
Ол әзірге кепілмен жіберілген. Кино жұлдызы шерушіні өлім жазасына кесуге қатысты инстаграмда өз пікірін білдіргені үшін ұсталған еді. Онда халықаралық ұйымдарды Иран билігіне қарсы әрекет етпей отыр деп айыптайды. Айта кетейік, Алидусти 2017 жылы Оскар сыйлығын жеңіп алған «Сатушы» фильмінде басты рольді сомдады.